Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (НААР/IAAR) өткізетін «Қазақстан Республикасының ЖОО сұраныстың тәуелсіз рейтингі – 2024» жыл сайынғы Ұлттық рейтингінде біздің университет 20449 балл жинап, 11-орынды иеленді (https://iaar.agency/rating/1/0/2024).
ҚР Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын бағалау 5 негізгі критерий бойынша жүргізілді:
– беделді академиялық марапаттарға ие болған оқытушылар құрамы мен оқытушылардың сапасы (15%);
– ғылыми-зерттеу әлеуеті, оның ішінде ғылыми-зерттеу жұмыстары, әлемдік журналдардағы жарияланымдар, академиялық ортаға әсері және ғылыми жұмыстардың дәйексөзділігі (25%);
– студенттер мен ПОҚ интернационализациясы және академиялық ұтқырлығы (25%);
– талантты студенттерді, магистранттарды, докторанттарды тарту деңгейі (25%);
– еңбек нарығында түлектердің жұмысқа орналасу және сұраныс көрсеткіштері (10%).
Бакалавриат білім беру бағдарламаларының бағыттары бойынша ЖОО институционалдық рейтингі
№ | Бағыттар | Орын |
1 | 6В08 – Ауыл шаруашылығы және биоресурстар | 3 |
2 | 6В09 – Ветеринария | 3 |
3 | 6В07-Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары | 9 |
Докторантура білім беру бағдарламаларының бағыттары бойынша ЖОО институционалдық рейтингі
№ | Бағыттар | Орын |
1 | 6D08 – Ауыл шаруашылығы және биоресурстар | 3 |
2 | 6D09 – Ветеринария | 3 |
Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ҚР ЖОО рейтингі
№ | Білім беру бағдарламаларының топтары | Орын |
Бакалавриат | ||
1 | В271-Мұнай газ ісі | 1 |
2 | В094-Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар | 1 |
3 | В074-Қала құрылысы, құрылыс жұмыстар және азаматтық құрылыс | 3 |
4 | В075-Кадастр және жерге орналастыру | 3 |
5 | В077-Өсімдік шаруашылығы | 3 |
6 | В183-Агроинженерия | 2 |
7 | В083-Ветеринария | 3 |
Докторантура | ||
1 | D132- Мал шаруашылығы | 3 |
2 | D131- Өсімдік шаруашылығы | 3 |
3 | D138-Ветеринария | 3 |