Қос қаламгердің шығармашылығына арналды

Жәңгір хан университетінде «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығына арналған іс-шара өтті.

Коворкинг орталығында өткен шараны «Парасат» ақпараттық білім беру орталығы ұйымдастырды. Білім алушылар ақын, жазушы Тәкен Әлімқұловтың «Қараой» шығармасын талдап, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар ақын, жазушы, еліміздің әнұранына айналған «Менің Қазақстаным» әнінің авторы Жұмекен Нәжімеденовтің өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Кеш барысында Бекнұр Наурызбай Құрманғазының «Адай» күйін күмбірлетсе, Альфия Болат Аян Сейітовтың «Алтыным» әнін орындады.

Жалпы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу.

📚 Loading…