Қазан университеті ұжымының тәжірибесімен танысты

Жәңгір хан университетінің доцент м.а., PhD доктор Еркебұлан Мәжитов биылғы жылдың ақпан-шілде айлары аралығында «Болашақ» бағдарламасы аясындағы «500 ғалым» ғылыми тағылымдамасынан Ресей Федерациясының Қазан мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінде өтті.

Ғылыми тағылымдама барысында Еркебұлан Бисенғалиұлы «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларының технологиялары» кафедрасымен және оның ғылыми эксперименттік зерттеу базасымен танысты. Тағылымдамада т.ғ.д., профессор В.Г.Хозин және т.ғ.д., профессор О.В.Хохряковтың басшылығымен ферроқорытпалар өндірісінің өнеркәсіптік қалдықтарын пайдалана отырып, су қажеттілігі төмен композициялық цементтер және олардың негізіндегі бетондар тақырыбы зерттеліп, эксперименттік жұмыстар жүргізді. Кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында семинар, дәрістерге қатысып, тәжірибе алмасты.  Осыған байланысты Батыс Қазақстанның ферроқорытпа өндірісі қалдықтарын судың қажеттілігі төмен цементтер негізінде беріктігі жоғары және жоғары технологиялық бетондар өндірісінде қолданудың техникалық, экономикалық тиімділігін зерттеу әдістерін игеріп, жұмыс істеу дағдыларын меңгерді.

         Еркебұлан Бисенғалиұлы кәсіби біліктілігін арттыруда тәжірибесімен бөліскен Қазан мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінің ұжымына  шынайы алғысын білдіреді. Аталмыш шетелдік білім ордасы мен Жәңгір хан университеті арасындағы халықаралық ынтымақтастық бұдан әрі де сәтті түрде жалғаса береріне сенімді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу