Кәсіпорындармен байланыс нығаюда

Жәңгір хан университетінің «Өнеркәсіптік экология» білім беру бағдарламасының студенттері өңіріміздегі Орал және Ақсай қалаларындағы қалдықтарды өңдейтін 8 кәсіпорынды аралап, соның нәтижесінде дөңгелек үстел өткізілді.

Бұл іс-шараны университеттің 60 жылдығы және  «Рециклинг – жастарға экологиялық тәрбие берудегі құрал» әлеуметтік жобасы мен «Тұтынудың және өндірістің ұтымды моделін қамтамасыз ету» 12 тұрақты даму мақсаттары аясында «Мал шаруашылығы және биоресурстар» жоғары мектебі оқытушыларының (Б.Губашева, Г.Қайырғалиева, Э.Ақкереева)  басшылығымен ұйымдастырылды.

Аталмыш дөңгелек үстелге ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің БҚО бойынша экология департаменті өкілдері, «Орал Таза Сервис» ЖШС, «Үсенова» ЖК, «УТПК» ЖШС, «Алтын Алма строй» ЖШС, Dream House CG ЖШС, «Demtec Solutions» ЖШС, «КАМА ЦЕНТР» ЖШС, «American Corner Oral» американдық бұрышы және «EcoHab» экоклубы басшылары қатысты. Жиын барысында спикерлер өз өндірістері, кездесетін проблемалар мен көзделген мақсаттар туралы айтып берді. Сондай-ақ осы кәсіпорындармен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Білім алушылардың өндірістік практикадан өтуі және түлектерді жұмысқа орналастыру, ғылыми және бизнес жобаларды бірлесіп жүргізу мүмкіндігі талқыланды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу