«Мұнай, газ және химиялық инженерия» жоғары мектебінің аға оқытушылары А.К.Абдыгалиева мен А.С.Купешованың жетекшілігімен ағымдағы жылдың 20 қазанында «Қайырымдылық айы» аясында 6В07202 – «Мұнай-газ ісі» мамандығының 3 курс білім алушылары қаламыздағы қарттар үйінде сенбілік жүргізіп, ауласын жапырақтан, қоқыстан тазалап берді. Қарттар үйі әкімшілігі, сол жердің тұрғындары білім алушыларға ризашылықтарын білдірді.





