Қариясын құрметтеген ел – ардақты

Жәңгір хан университетінің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры, «Ауыл» партиясы атынан сайланған Орал қалалық мәслихат депутаты Ақылбек Сұлтанов пен аға оқытушы Жақсат Кенжин Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Болотовтың үйінде болды. Ақылбек Ұзақбайұлы жалғызбасты қарт майдангердің қал-жағдайын сұрап, әңгімелесті.

1925 жылы дүниеге келген Иван Иванович өзіне осындай қамқорлық көрсеткен жандарға ризашылығын білдіріп, біраз әңгімелесіп, көңілі серпіліп қалды. Жәңгір хан университетінің ұжымы ардагерлерді ардақтау шараларын естен шығарған емес. Бұл жолы да соғыс ардагерінің ауласын қарын тазалап беруге ерікті жастарды жіберуге уәде берді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу