Карантиндік және қауіпті арамшөптер – ауыл шаруашылығының жаулары

Бүгін Жәңгір хан университетінде Ветеринария және Агротехнология институтының АН-31/32, АН-41, МАҢҒ-21 және ЗКР 21/41 білім алушылары  «Гербология» пәні бойынша доцент м.а. Лайла Темірбекқызының және ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы, Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Арман Болатұлы жүргізген “Дәнді дақылдардың арамшөптері, карантиндік арамшөптер және олармен күресу шаралары” тақырыбындағы мәселелік дәрісті тыңдады.

Білім алушылар дәнді дақылдары егістеріндегі арамшөптер, карантиндік арамшөптер және олармен күресу шаралары туралы толық ақпарат алды, БҚО бойынша және жалпы Қазақстан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егістіктеріндегі карантиндік объектілердің зияндылығы мен таралу ерекшеліктері және өсімдіктерді зиянды организмдерден қорғау әдістері. Дәрісті тыңдау барысында болашақ мамандар өз сұрақтарын ашық қойып, болашақ мамандықтарға қатысты барлық сұрақтар бойынша жауап алды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу