Қалалық фестивальден – екінші орын

Жәңгір хан университетінің белсенділері «Oral jastary» қалалық  фестивалінде жалпы қорытынды есеп бойынша жүлделі 2-орынды иеленді.

Аталмыш өнер байқауында өңіріміздегі жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері өзара сынға түскен еді. 10 мыңнан астам студент қатысқан бұл жобада БҚАТУ жастары төмендегідей көрсеткішпен топ жарды:

Волейбол – І орын

Патриоттық ән – І орын

Заманауи би – І орын

Киберспорт – ІІ орын

Шахмат (қыздар) – ІІ орын

Ұлттық би – ІІ орын

 Футбол – ІІІ орын

Дәстүрлі ән – ІІІ орын

Шахмат (ерлер) – ІІІ орын

Аспапта орындау – ІІІ орын

«Жәңгірхандық» белсенді қыз-жігіттерді жеңістерімен құттықтаймыз!

📚 Loading…