Хан тоғайына экскурсия

28 қазанда «Мұнай, газ және химиялық инженерия» жоғары мектебінің ұйымдастыруымен геолог, мұнай кен орындарын зерттеуші, еліміздің батыс өңірінде мұнай-газ саласына мамандар даярлаудың негізін қалаушы, доцент Амангелді Бақтығұловты еске алу мақсатында жоғары мектеп оқытушылары Р.И. Джусупкалиева, А.К. Абдыгалиева, Ж.Т. Кенжегалиева, А.Ж. Наурызбекованың жетекшілігімен  5В070800 – «Мұнай-газ ісі» мамандығының 3-4  курс білім алушылары Хан тоғайына экскурсияға барды. Экскурсия барысында білім алушылар Хан тоғайы тарихымен танысып, Жайық өзені жағалауының геологиялық үдерістерін тамашалады.

📚 Loading…