Халықаралық жарыстан – қос жүлде

Жәңгір хан университетінің білім алушылары Досжан Өтепқалиев пен Зейнеп Баянова халықаралық деңгейдегі турнирде Қазақ елінің мерейін асқақтатты.

         Индустриалды-технологиялық институтының 3-курс студенті Досжан Өтепқалиев – Хорватия елінде өткен Адриатикалық трофей халықаралық турнирінде грек-рим күресінен, ал «Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру» институтының 2-курс білім алушысы Зейнеп Баянова – Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан әйелдер күресінен жастар арасындағы «Victory Cup & Champions» 24-ші халықаралық турнирінде 1-орынды жеңіп алды.

Дүбірлі додаларда топ жарған қос спортшымызды құттықтаймыз!

📚 Loading…