Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы мен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Ташкент мемлекеттік аграрлық университеті, Белград университетінің пәнаралық зерттеулер институты, С.Сейфуллин атындағы Қазақ ғылыми-зерттеу университеті және А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығымен бірге ұйымдастырылған «Ғылым және агроөнеркәсіптік кешенінің интеграциясы. Заман талабы» атты халықаралық қысқы мектебі гибридтік форматта жұмысын бастады.
Білім алушылар мен жас зерттеушілер мектеп барысында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға атсалысқан жетекші қазақстандық және өзбек ғалымдарының дәрістерін тыңдауға, сонымен қатар халықаралық рецензияланған журналдарға мақала жазу бойынша Белград университетінің салааралық ғылыми-зерттеу институтының профессоры Эльмира Сальников, қойларды қолдан ұрықтандыру бойынша С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ғалымдары Бисенгалиев Роман Масалимович және Кульмагамбетов Талгат Ибрагимович, агроөнеркәсіптік кешендегі технологияларды коммерцияландыру туралы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің Технологияларды коммерцияландыру және бизнес-инкубациялау жөніндегі жобалық кеңсесінің жетекшісі Айешева Гульшат Амангельдиевна өткізген шеберлік сабақтарына қатысуға мүмкіндік алады.
Бүгін ҚР ҰҒА академигі, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің профессоры Насиев Бейбит Насиевич толыққанды жем өндіру және тиімді басқару мәселелері бойынша, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінің доценті Тангирова Гульчехра Насридиновна интродуктивті формалар негізінде сояның жаңа сорттарын құру бойынша, сонымен қатар 2024 жылғы дәнді дақылдар тұқымының проблемалық аспектілері бойынша С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Шестакова Нина Адамовна және Қазақстан Республикасының топырақ ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалану үшін топырақ және агрохимиялық картографиялық материалдарды жасау кезінде ГАЖ-технологияларды пайдалану бойынша А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының PhD докторы Звягин Григорий Александрович дәрістер оқыды.
Мектеп тақырыбына қызығушылық танытқандардың барлығы оның материалдарын сілтеме арқылы тыңдай алады https://us06web.zoom.us/j/89264538478?pwd=Q5aMpXRWlbglbPD7xL3H0mmKwX3MDH.1, Конференция идентификаторы: 892 6453 8478, кіру коды: 413368.