Халықаралық іріктеуден өтті

Жәңгір хан университетінің “West Startup Incubator” бизнес-инкубаторының қатысушылары GCIP-Kazakhstan халықаралық жобасының конкурстық іріктеуінен өтті.

Органикалық қалдықтарды қайта өңдеу және жаңартылатын энергия көздері жөніндегі жобаларын ұсынған Мадияр Хиясов пен Қайрат Кубжасаров GCIP-Kazakhstan халықаралық жобасына конкурстық іріктеуге қатысып, акселерациядан өту мүмкіндігін жеңіп алды.

Ағымдағы жылдың сәуір айында басталған GSIP-Kazakhstan жобасының негізгі мақсаты – инновацияларды ілгерілету, ШОБ (шағын және орта бизнес) жобаларын, Қазақстанда жасыл жұмыс орындарын құру үшін жасыл технологиялар саласындағы стартаптарды қолдау болып табылады. Грант Қазақстанға Біріккен Ұлттар Ұйымының өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымының (ЮНИДО) көмегімен Жаһандық экологиялық қормен (ЖЭҚ) бөлінді.

Байқау «жаңартылатын энергия көздері», «энергия тиімділігі», «суды тиімді пайдалану», «қалдықтарды басқару», «озық химиялық заттар мен материалдар», «көлік», «жасыл құрылыс» деп аталатын 7 бағытта өтті.

Университетіміздің бизнес-инкубаторының қатысушыларын құттықтаймыз!

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу