Ғылыми-зерттеу сайысында жеңімпаз атанды

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Мұнай-газ ісі» білім беру бағдарламасы бойынша дәстүрлі Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсы өтті. Аталмыш сайысқа еліміздің іргелі жоғары оқу орындарынан 8 ғылыми жұмыстар бойынша 16 студент қатысты.

Қорқыт Ата университетінің конкурстық комиссиясының мәжілісінде комиссия құрамының пікірлері ашық дауысқа салынып,  көпшілік дауыспен 1-орын иегері болып Жәңгір хан атындағы  Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттері Аяпқалиев Ерден Ерболұлы және Бақытжан Аружан Бақытжанқызы танылып, Ғылым және жоғары білім министрлігінің  I дәрежелі дипломымен марапатталды.

Білім алушылардың ғылыми жетекшісі университеттің «Мұнай, газ және химиялық инженерия» жоғары мектебінің доценті, т.ғ.к Бурханов Бақытжан Жамбылұлы.

Студенттерімізді үлкен деңгейдегі жетістіктерімен құттықтап,  алдағы уақытта толағай табыстар тілейміз.

📚 Loading…