Ғылыми үйірменің алғашқы басқосуы

«Мұнай, газ және химиялық инженерия» жоғары мектебінде «Нефтяник» студенттік ғылыми үйірмесі жұмыс жасауда. 26 ​​қараша күні ғылыми үйірменің алғашқы отырысы өтті.

Басты мақсат – білім алушыларды мұнай-газ және химия-технологиялық бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмысына баулу. Ғылыми үйірмелердің жәрмеңкесінде үйірмеге әртүрлі мамандықтар бойынша жиырмаға жуық білім алушылар жазылды.

Үйірме отырысында алдымен сөз алған жоғары мектептің аға оқытушысы Алтынай Купешова білім алушылардың ғылыми-шығармашылық, зерттеушілік ізденісін қалыптастыру оларды тәрбиелеудің құрамдас бөлігінің бірі болып табылатынын, негізгі міндет – өз бетінше кәсіби, ғылыми және техникалық мәселелерді шешуге қабілетті білікті мамандар дайындау екенін айтты. Одан әрі жиында аға оқытушы Нұрлан Нұрмаш «Мұнай және газ өнеркәсібіндегі модельдеу мүмкіндіктері» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ ГРПИ-12 және ГРПИ-13 топ білім алушыларының дайындаған баяндамалары тыңдалды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу