«Ғасыр ғұмырлы – ғажап ақын»

Тілдерді дамыту орталығының қазақ тілі пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен 28 сәуір күні Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Ғасыр ғұмырлы – ғажап ақын» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Мақсаты: Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын насихаттап, жастарды сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру.

Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаевтың есімі дүние жүзі халықтарына кеңінен мәлім. Жамбыл медресе- мектептің есігін ашып, қолына қалам ұстап, жазу-сызуды білмесе, де жастайынан домбыра тартып, жыр жаттады, қазақ халқының  сөз өнерін үйренді, кейін ақындығымен елге әйгілі жыршы атанды. Жамбыл екі заман тұсында өмір сүрді. Екі дәуірдің куәсі болған ақын өз көзімен көрген өмірдің  бар шындығын жырлады.

Білім алушылар ақынның жырларынан үзінді оқып, күйлерінен шашу шашты.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу