Ғалымдардың еңбегі еленді

Жәңгір хан университетінде өткен кезекті Ғылыми кеңес салтанатты рәсіммен басталды.

Атап айтқанда, «Ветеринария және агротехнология» институтының доцент м.а., ветеринария ғылымдарының кандидаты Бекжасар Мұстақапұлы Сидиховқа философия докторы (PhD) дәрежесі берілсе, осы институттың тағы бір доцент м.а., ветеринария ғылымдарының кандидаты Кенжебек Есмағамбетұлы Мурзабаев пен «Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру» институтының доцент м.а., экономика ғылымдарының кандидаты Меңсұлу Бақтыбайқызы Сұлтанова «қауымдастырылған профессор» ғылыми атағын иеленді.

Ал Ғылым басқармасының басшысы-сынау орталығының директоры, қауымдастырылған профессор, биология ғылымдарының докторы Индира Салтанқызы Бейшова көрнекті қазақ ғалымы Қ.Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапатталды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу