Жәңгір хан университетінде Астанада өткен Халықаралық волонтерлер жылы аясындағы форумға қатысып келген жастармен кездесу өтті.
Олар – БҚО Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының маманы Шұғыла Ақмамбетова, осы орталықтың бөлім басшысы Еламан Нұғманов және университетіміздің 4-курс студенті Балауса Ілиясова. Қонақтар білім алушыларға аталмыш форумның мақсат-міндеттері, талқыланған мәселелер мен өздерінің алған әсерлері туралы ой бөлісті. Сонымен қатар студенттерді өз қатарларына қосылуға шақырды.
