Жәңгір хан университетінің мәжіліс залында Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Лаура Палуановамен кездесу өтті.
Инфосессия барысында Лаура Қалабайқызы академиялық және ғылыми байланыстарды одан әрі дамыту үшін Erasmus+ бағдарламасының мүмкіндіктері мен перспективаларын ұсынды. Сондай-ақ бағдарламадағы жаңа өзгерістер мен енгізулерді атап өтті. Ол Erasmus+ ұлттық кеңсесінің қызметі, Erasmus Mundus, Жан Моне жобалары және оларға қатысу шарттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Кездесуге қатысушылар табысты жүзеге асырылып жатқан Erasmus+ жобаларын талқылады және өз тәжірибелерімен бөлісті. Erasmus+ бағдарламасының арқасында мүмкін болған сәтті халықаралық ынтымақтастық пен жобалардың мысалдары ұсынылды. Барлық қатысушылар Erasmus+ жаңа перспективалық жобаларын әзірлеуге және жазуға жоғары қызығушылық пен ынта көрсетті, бұл университеттің ынтымақтастығы мен дамуына тың жолдар ашады. Қазақстандағы Erasmus+ кеңсесі Еуропа жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты, сондай-ақ студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын белсенді қолдайды.