«Erasmus+»: Маңызы зор семинар

Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Erasmus+» халықаралық жобасы аясында «Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ агрожүйелер саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жетілдіру» (SAGRIS) тақырыбында семинар басталды.

Университеттің мәжіліс залында семинарға қатысушылармен жүздескен басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов бұл іс-шараның маңызын атап өтіп, семинар жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласы мамандарын даярлау мен ғылымды дамытудағы Жәңгір хан университетінің әлеуеті жоғары екенін айтты. Сол себепті «Erasmus+» секілді халықаралық жобаға қатысу батысқазақстандық жоғары оқу орнына үлкен жауапкершілік жүктейтіні сөзсіз.

Семинарға еліміздегі жоғары оқу орындарының 20-дан астам докторанттары мен жоба өкілдері қатысуда. Ал еуропалық және ресейлік әріптестер онлайн режимде қосылады. Семинарда еуропалық ғалымдардың шеберлік сыныптарын, Қазақстанның жоғары оқу орындарының модуль әзірлеушілерінің сабақтарын көрсету қарастырылған. Барлық сабақтар интерактивті түрде өтеді. Сонымен қатар қатысушыларға SAYAT этно-туристік орталығының, «Қала бойынша қараусыз қалған иттер мен мысықтарды ұстау және дегельминтизациялау, сәйкестендіру, стерилизациялау, вакцинациялау қызметтері» жобасын іске асыратын университеттің ветеринарлық клиникасының, фермер-балық өсірушілерді балық өсіру материалымен және тағы басқалармен қамтамасыз ететін «Ихтиология және аквакультура» зертханасының жұмысы таныстырылады. Нәтижесінде семинарға қатысушылар көптеген пайдалы ақпараттар алып, алған білімдері мен дағдыларын одан әрі ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолдана алады деген сенім мол.

«Erasmus+» халықаралық жобасыныңмақсаты – халықаралық сапа стандарттарына сәйкес аспиранттар мен докторанттарды даярлауды жетілдіру. Сондай-ақ тұрақты ауыл шаруашылығы мен болашақтың агрожүйесінің проблемалары мен міндеттерін шешу үшін тиімді шешімдер қабылдау кезінде пайдаланылатын ұлттық және халықаралық маңызы бар жаңа білім беруге ұмтылу. Жалпы бұл жобаға Еуропаның 5 жоғары оқу орны мен Ресейдің 4 жоғары оқу орны тартылса, Қазақстаннан қатысатын төрт жоғары оқу орнының бірі – Оралдағы Жәңгір хан университеті.

Жобаның міндеттерінің бірі – Ресей мен Қазақстанның түрлі өңірлерінің 8 жоғары оқу орнында докторантура үшін ауыл шаруашылығы зерттеулері мен инновациялары үшін өзекті пәнаралық мазмұн мен тәсілдер бойынша докторанттарды сапалы даярлауды арттыруға бағытталған төрт модуль әзірлеу және енгізу.

БҚАТУ қабырғасындағы семинар жұмысы 1 шілдегі дейін жалғасады.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу