Елордалық театр ұжымы қонаққа келді

Бүгін Жәңгір хан университетінде «Жастар бастамасын дамыту орталығы» Оралға гастрольдік сапармен келген Астана әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театры» ұжымымен кездесу ұйымдастырды. Кездесу театр директоры, танымал театр режиссері, театр педагогы, өнертану бойынша философия докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жерлесіміз Асхат Максимұлы Маемировпен және театр актерларымен өтті.

Өз кезегінде қонақтар домбырамен ән орындап, көркемсөз оқып, қонақкәде тарту етті. Жәңгір хан университетінің талантты жастары да өз өнерлерін көрсетті. Кездесу барысында өнер иелері студенттердің сауалдарына жауап берді.

Сонымен қатар жас актерлар университетіміздегі «Мәдениет және өнер» студиясы мен «Жас қалам» клубының, «Вокал» үйірмесінің, «Ерке-Нұр», «Winners» би және «Нарын сазы» ансамбльдерінің белсенділерімен шеберлік сағаттарын ұйымдастырды.

Кеш соңында басқарма төрағасы-ректор Асқар Мырзахметұлы елордалық жас театр ұжымына естелік сыйлықтар табыстады. Театр директоры Асхат Максимұлы Жәңгір хан университетінің ұжымына алғыс білдірді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу