Жәңгір хан университетіне Астана қаласындағы Биотехнология ұлттық орталығының ғалымдары жұмыс сапарымен келді.
Олар басқарма төрағасы-ректор Асқар Мырзахметұлымен, Ветеринария және агротехнология институтының «Өсімдік шаруашылығы» және «Ветеринария» білім беру бағдарламалар тобының профессор-оқытушыларымен кездесті. Елордалық меймандар Жәңгір хан университетінің ғылыми әлеуетімен танысып, алдағы уақытта бірлесе ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге ниет білдірді. Нәтижесінде қос тарап әріптестіктерін нығайтып, ынтымақтаса жұмыс жасауға уағдаласып, екіжақты меморандумға қол қойды.
Биотехнология ұлттық орталығының ғалымдары БҚАТУ басшылығы мен ғалымдарына ризашылығын білдіріп, ортақ келісім аясында жүйелі жұмыстар жасалатынына сенім білдірді.

