Жәңгір хан университетінде «Университет – экологиялық трансформациялардың драйвері» атты экофестиваль өтті.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында экологиялық білім беру және кәсіптік бағдар жұмыстарын дамыту мақсатында өткен іс-шараға облыстың экомектептері қатысты. Экофестиваль аясында панельдік пікірталастар мен ашық диалогтар, экомектептердің экологиялық жобаларының көрмелері, кәсіптік бағдар беру модульдері ұйымдастырылды. Сондай-ақ университетте пайдаланылған қоректендіру элементтерін (батареяларды) қауіпсіз жинауды, уақытша сақтауды және кейіннен экологиялық жауапты түрде кәдеге жаратуды қамтамасыз ету мақсатында мамандандырылған қабылдау пункті ашылды.
Екі күнге созылған іс-шара соңында жобаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге елеулі үлес қосқан қатысушылар мен жеңімпаздар марапатталды.
