Экологиялық челленджді Қостанай университетіне жолдады

Жәңгір хан университетінің білім алушылары 8 қазан күні жалпықалалық санитарлық-экологиялық айлығы аясында республикалық «EcoStudentKZ» экологиялық жастар челленджіне қолдау білдіріп, сенбілікке шықты.

Тазалық іс-шарасы барысында 500-ден астам студент университет аумағын, мемлекеттік маңызы бар Орал-Саратов тас жолының бойын және Зашаған кентіндегі белгіленген аумақтарды күл-қоқыстан арылтып, белсенділік танытты. БҚАТУ жастары аталған экологиялық челленджі Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетіне жолдады.

Еске сала кетсек, «EcoStudentKZ» челленджін еліміздің студент жастары қоршаған ортаны аялау мақсатында республика көлемінде өткізуде.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу