Дөңгелек үстел өтті

«Машина жасау» жоғары мектебінің ұйымдастыруымен «Ғылым айы» аясында 26 сәуір күні «Машина жасау», «Мехатроника» және «Өндіруші салалардың машиналары мен жабдықтары» білім беру бағдарламасының  2,3-курс студенттерімен дөңгелек үстел өткізілді.

«Инженерлік мамандықтар студенттеріне арналған кейс түріндегі қорытынды бітіру жұмысын жазу әдістемесі мен мазмұны» тақырыбында өткен жиында жоғары мектеп жетекшісі Гаухар Жумагалиева қорытынды аттестаттаудың қолданыстағы нысандары, сондай-ақ тәжірибелер мен тағылымдамалар түрлері туралы түсіндірді. Аға оқытушысы Александр Силантьев сызба материалында кәсіпорындардың тапсырыстары бойынша стартап жобаларды, кейстерді, дипломдық жұмыстарды рәсімдеудің реттілігі мен нысандары туралы сөз қозғады.

Дөңгелек үстелдің түсіндірме бөлігінің соңында студенттер кәсіпорындарда тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру және ол бойынша есеп беру нысаны туралы сұрақтарын қойып, инновациялық-кәсіпкерлік, стартап жобаны жазу мәселелеріне қызығушылық танытты. Ал МС-42 тобының студенттері Расул Сергалиев пен Рустам Батыров «КазАрмаПром» ЖШС-да тағылымдамадан өту және ұйымдастыру туралы өз әсерлерімен бөлісті. Болашақ түлектер үшін өткізілген осындай дөңгелек үстел оларға қорытынды аттестаттау кезінде, бітіру жұмысының түрін таңдауда көмегін тигізері анық.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу