Диплом сәтті қорғалды

2021-2022 оқу жылында «Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары» жоғары мектебінде «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы», «Тағам өнімдерін өндіру», «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандықтарының 4 курсының 153 білім алушысы өздерінің дипломдық жұмыстарын сәтті қорғады. Дипломдық жұмыстар мен жобалардан басқа, биылғы жылы біліктілік жұмыстарының тізіміне кейстер енгізілді. Кейс әдісі мен дәстүрлі оқыту әдістемелерінің негізгі айырмашылығы-білім алушыларға өндіріс бетпе-бет келетін нақты проблемалар қойылады. Студенттер әрқайсысы жеке таңдайтын өз шешімін ұсынуы керек.

Кейстердің арқасында студенттер өндірістік практикадан өту кезінде жұмыста туындайтын қиындықтар мен проблемаларды өз бетінше шешуді үйренеді, дәстүрлі емес міндеттерді шешуде практикалық тәжірибе алады. Білім алушылар шикізаттан бастап дайын өнімге дейінгі өндіріс процесімен толық танысып, болашақ мамандығы бойынша практикалық дағдылар алды.

Оқыту кезеңінде дұрыс ұйымдастырылған өндірістік практика болашақта табысты жұмысқа орналасудың кепілі бола алады, өйткені бүгінгі күні әлеуетті жұмыс берушілердің басым талаптарының бірі қызметкердің кәсіби құзыреттілігі болып табылады. Университетте практикалық дайындықты жетілдіру және оның тиімділігін арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі. Кәсіпорындарда бос лауазымдар болған жағдайда, егер жұмыс мамандандыру бойынша практика бағдарламасына сәйкес орындалатын болса, студенттер жұмысқа қабылдана алады. Осы мүмкіндікті сәтті пайдаланған Ғазизова Арайлым тәжірибе кезеңінде «Каспи-Балық» ЖШС технологтың көмекшісі лауазымында, Баймуратов Азиза – «Батыс-Продукт” ЖШС-де өлшеп – ораушы ретінде, Саламат Айбар – «Мурзагалиева Л.С.» ЖК технологтың көмекшісі, Махамбетқызы Айнұр – «Пойма Май Комбинаты» ЖШС зертханашы лауазымында, сондай-ақ «Жайық Агро ЛТД» ЖШС 8 студент (Ғаппарова Гүлфая, Ишмуратова Салима, Келембай Назым, Нұғманова Жұлдызай, Алмаганбетова Камила, Кульджемирова Гүлнар, Ералы Диана, Имашева Зарина) бар.

Бүгінде жұмыс берушілердің өздері жас кадрларды сапалы даярлауға мүдделі, өйткені олар ертеңгі мамандар болып табылады. Ал біз өз тарапымыздан өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтып, одан әрі дамытуға ниеттіміз.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу