Бүгін Ветеринария жане агротехнология институтында осындай тақырыпта тәрбие сағаты өтті.
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Мейрамгүл Мусина ұйымдастырған шараға «Агрономия» білім беру бағдарламасының студенттері (АН-11, АН-21, АН-31) қатысты. Тәрбие сағатында университетіміздің аға оқытушысы, PhD докторы Мақсот Жанғожиев аталған тақырып төңірегінде дәріс оқыды.
Басты мақсат – патриот жастардың қатарын толықтыру, оларды теріс діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру.