Департаментте өткізілген сабақ

25 наурыз күні БАН-31, БЭК-32, БФЭ-31 мамандықтары бойынша 3-курс студенттеріне арналған тәжірибелік-бағдарлау сабағы БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде өткізілді.

«Фирмаішілік жоспарлау» және «Электрондық салық есептілігі» тақырыптарына арналған сабақты «Экономика және аудит» жоғары мектебінің жетекшісі А.Ибыжанова, аға оқытушылар Б.Көпболсынова мен А.Досанова ұйымдастырды. Студенттерге аталған мекемеде сабақты адам ресурстары басқармасының басшысы Т.Бисалиева, талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы Ж.Шайхиева, камералдық мониторинг басқармасы басшысы А.Қожабаева, ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы В.Рудич жүргізді. Ал салық төлеушілермен жұмыс барысын бөлім басшысы С.Юмабаева таныстырды.

Студенттер департаменттің жұмыс барысынан хабардар болды. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған сабақ нәтижесінде көптеген маңызды және қызықты ақпараттар айтылды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу