Жәңгір хан университетінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Мұрат Байсаловпен кездесу өтті.
Университеттің Мансап және бизнес-серіктестік орталығы ұйымдастырған шараға бітіруші курс студенттері қатысты. Алдымен сөз алған аталмыш орталықтың директоры Ақылбек Нұрғалиев бұл кездесудің маңызына тоқталып, болашақ жас мамандар үшін пайдалы боларына сенім білдірді. Бұдан әрі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің басшысы М.Байсалов мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістер, жас мамандарға жасалған мүмкіндіктер, «Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің бағыттары жайында мазмұнды ақпарат берді.
Басқосу соңында департамент басшысы білім алушылардың мемлекеттік қызметке қатысты сауалдарына жауап берді.

