Денсаулық – 2023

Жәңгір хан университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасындағы дәстүрлі «Денсаулық – 2023» спартакиадасы басталды.

12 спорт түрі бойынша өтетін сайысқа 7 команда қатысуда. Атап айтсақ,

«Агротехнологиялық» институты;

Әкімшілік бөлімі, «Рухани жаңғыру» және «Тілдерді дамыту» орталықтары;

«Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы» институты;

«Индустриалды-технологиялық» институты;

Қауіпсіздік және тәртіп сақтау бөлімі мен Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма;

«Политехникалық» институты;

«Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру» институты құрамалары өзара бақ сынайды. Спорт сайысы 14 қаңтарға дейін жалғаспақ.

📚 Loading…