Дәстүрлі ислам және ұлттық рухани құндылықтар

Жәңгір хан университетінде жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған басқосу өтті.

Жиынға университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов, БҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығы басшысының орынбасары, дінтанушы Абдувахид Бабаханов пен Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының басшысы, өнер иесі, тарихшы Дәулеткерей Құсайынов, БҚАТУ-дың гуманитарлық және спорттық пәндерді оқыту орталығының аға оқытушысы, философия ғылымдарының PhD докторы Мақсот Жанғожиев, оқытушылар мен студенттер қатысты. Іс-шара барысында теріс ағымдардың белгілері мен олардан сақтану жолдары, дәстүрлі ислам мен ұлттық рухани құндылықтардың сабақтастығы, жастардың діни сауаттылығын арттырудың маңызы туралы айтылды.

📚 Loading…