Цифрландыру және жасанды интеллект

Жәңгір хан университетінде «Цифрландыру және жасанды интеллект» бағдарламасы аясында практикалық талқылау сессиясы өтті.

Басты мақсат – жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды әртүрлі қызмет салаларына енгізу. Іс-шараға профессорлық-оқытушылық құрам, зерттеушілер және білім алушылар қатысты. Сессия барысында цифрлық технологиялардың өзекті бағыттары, соның ішінде білім беру, экономика, өнеркәсіп, мемлекеттік басқару және әлеуметтік салада ЖИ құралдарын қолдану мәселелері талқыланды. Қатысушылар цифрлық шешімдерді енгізудің практикалық кейстері, деректер аналитикасы, процестерді автоматтандыру және шешім қабылдауды интеллектуалды қолдау жүйелерін пайдалану перспективалары туралы ой бөлісті.

Іс-шараның практикалық бөлімі пәнаралық топтарда жұмыс жасауды қамтыды. Қатысушылар цифрлық құзыреттіліктерді дамытуға және университеттің білім беру мен ғылыми-зерттеу процестеріне ЖИ-шешімдерін интеграциялауға бағытталған бірлескен жобалар бойынша ұсыныстарын жеткізді. Сессия қорытындысы бойынша ынтымақтастықтың басым бағыттары айқындалып, бірлескен ғылыми-білім беру жобаларын құру бастамалары белгіленді.

Loading…