Чемпионаттың ширек финалы БҚАТУ-да өтті

Жәңгір хан университетінде ICPC Kazakhstan Regional Contest 2025 ширек финалы өтті.Бұл чемпионаттың ширек финалы Қазақстанның бес өңірлік алаңында (Алматы, Астана, Түркістан, Орал, Семей) бір мезгілде ұйымдастырылды. Биылғы ширек финалда республика бойынша 43 университеттен 173 команда, барлығы 519 қатысушы бақ сынады. БҚАТУ базасында өткен сайысқа жеті команда қатысты. Қатысушылар шектеулі уақыт ішінде күрделі алгоритмдік есептерді шешіп, жоғары деңгейдегі интеллектуалдық дайындықтарын, шыдамдылықтары мен күшті командалық үйлесімділігін көрсетті.

Жоғары көрсеткіштері, дайындық деңгейі және командалық рухы үшін І орынды М.Өтемісов атындағы БҚУ студенттері жеңіп алып жартылай финалға жолдама алды. Ал ІІ орынды А.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік институтының командасы иеленсе, ІІІ орынға Жәңгір хан атындағы БҚАТУ білім алушылары қол жеткізді.

Чемпионаттың ресми ұйымдастырушысы – Қазақстанның спорттық бағдарламалау федерациясы. Федерация спорттық бағдарламалауды дамыту, олимпиадалық дайындық сапасын арттыру, оқыту платформаларын құру және халықаралық деңгейде нәтижелерді жақсарту бағытында жұмыс жүргізеді.

📚 Loading…