Бүгін – елімізде ғылым саласы қызметкерлерінің күні

Қазақ академигі, Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың туған күнімен орайластырылған бұл мерекенің маңызы зор.

Отандық ғылым саласын дамытуға Жәңгір хан университеті ғалымдары да сүбелі үлес қосуда. Білім ордасының ғылыми-зерттеулер спектрі іргелі және қолданбалы зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер, басты ғылыми бағыттар бойынша ғылыми-техникалық бағдарламалар бағытын қамтиды.

Университет ғалымдарын төл мерекелерімен құттықтай отырып, зерттеушілік ізденістеріңізге мол күш-жігер және жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу