Болашақ мамандар өндіріс орындарының жұмысымен танысуда

«Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары» жоғары мектебінің ТПР-41, 42 топтарының  студенттеріне «Құрама жем өндірісінің технологиясы» және «Жарма өндірісінің технологиясы» пәндерінен практикаға бағытталған сабақты «Переметный элеваторы» ЖШС –де өткізілді.

 «Переметный элеваторы» ЖШС өндірістік-технологиялық зерханасының басшысы Светлана  Бисенгалиева білім алушыларға элеватор өндірісі, құрама жем, жарма өндірістеріне қажетті негізгі шикізаттар, сапалық көрсеткештері, қабылдау, өңдеу, сақтау және өндіріске жіберу туралы тәжірбиесімен бөлісті.

Тәжірибелік сабақты  «Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары» жоғары мектебінің  доценті, т.ғ.к  Т.А. Байбатыров, сонымен қатар, магистрант, практикант А.Е. Тасбаева өткізді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу