Ағымдағы жылдың 5 қазанында университеттің Мансап және бизнес-серіктестік орталығы және Индустриалды-технологиялық институт басшылығымен бірлесе отырып, «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.
Кездесуге компанияның кадр бөлімінің басшысы Г.А.Қазыбаева, техникалық оқу бюросының басшысы В.В. Сергеев және қазіргі уақытта компанияның өндіріс цехтарының меңгерушісі қызметін атқаратын университет түлектері қатысты. Жиынның басты мақсаты — «Машина жасау», «Машиналық жабдықтар технологиясы» мамандығының студенттерін компанияның қызметімен таныстыру, сонымен қатар білім алушыларды тәжірибеден өтуге іріктеу мақсатында әңгімелесу және болашақ мамандарды жұмысқа орналастыру.
Қазіргі таңда осындай екіжақты тиімді қатынастың арқасында университеттің оннан астам түлегі осы кәсіпорында табысты қызмет атқаруда.