Бүгін Жәңгір хан университетінде БҚО Экология департаменті өкілдерімен кездесу өтті.
Цифрлық экономика және тұрақты даму институтында ұйымдастырылған шарада алдымен сөз алған институт директоры Айжан Ибыжанова келген қонақтарды білім алушыларға таныстырды. Бұдан соң департамент басшысы Мұрат Ермекқалиев мекеменің атқаратын міндеті, жұмыс бағыты және өңіріміздегі экологиялық ахуал туралы мәлімет берді.
Негізінен Жәңгір хан университеті облыстық Экология департаментімен 2010 жылдан бері әріптестік қарым-қатынас жасап келеді. Сонымен қатар университеттің «Өнеркәсіптік экология» білім беру бағдарламасына жұмыс беруші ретінде аталмыш департаментпен 2019 жылдан бері байланыс орнатылып, болашақ экологтар осы мекемеде өндірістік тәжірибеден өту арқылы білімдерін шыңдайды.

