ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ардагер спортшылар арасындағы шағын футболдан ашық Бөрлі аудандық біріншілігінде командалық есепте жүлделі 1-орынға ие болғаны үшін «БҚАТУ» командасы марапатталды.
Еске сала кетсек, Бөрлі ауданында өткен аяқдоп жарысына «БҚАТУ» командасы және Орал қаласының, Бөрлі, Қазталов, Тасқала, Сырым аудандарының командалары қатысты. Нәтижесінде 1-орынды Жәңгір хан университетінің аяқдопшылары жеңіп алса, екінші және үшінші орындарды Бөрлі және Қазталов аудандарының командалары өзара бөлісті.