БҚАТУ-дың дегустатор студенттері

Бүгін «Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары» жоғары мектебінің ТПП-41 ,ТПП-42 тобының студенттеріне арналған «Дегустациялық сараптау және органолептикалық бағалау» пәнінен «Дегустаторлардың дәм және иіс сезімталдығын тексеру» тақырыбы аясында жоғары мектептің зертханасында практикаға бағытталған сабақ өткізілді. Зертханалық сабақта тағамдық шикізаттың және дайын өнімнің иісі мен дәмін бағалау жүзеге асырылды.Дәм және иіс табу бойынша студенттер арасында дегустатор мен эксперттер таңдалып,жабық көзбен иістерді иіскеп,тағамдық ертінділердің дәмін татты.Сабақ соңында дегустаторлар іріктеліп,эксперттер қорытынды сөз сөйлеп, студенттер өз әсерлерін бөлісті. Практикалық сабақты «Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары» жоғары мектебінің  оқытушы,магистрі  А.С Жумагалиева өткізді.

Ұлданай Тоғаева

 ТПП-41 тобының студенті

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу