Бизнес бастауы

Университетте 2019-2020 оқу жылынан бастап оқу үдерісін ұйымдастыруды жақсарту және білім беру қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында студенттердің бизнес жоспарларын ұйымдастыруына және қорғауына жан-жақты дайындық жүргізіліп келеді.

Бизнес-жоспарлар жазудағы мақсат – университеттің барлық мамандықтарының 3-курс студенттеріне кәсіпкерлікті ұйымдастырудың мәні және шағын кәсіпорын түрінде өз бизнесін құру туралы білім беру, білік және дағды қалыптастыру.

Айталық, МС-33 тобынан Е.Адилов, Н.Жубандык, М.Кашпаев, А.Утаров, М.Шамуратов, сондай-ақ ПГС-31 тобынан А.Амангалиева, Е.Габдикаримов, А.Кунаева, А.Темержанова, М.Салекенов секілді білім алушылардың бизнес-жоспарларының тақырыптары қазіргі кезде өзекті және озық, әсіресе инновациялық бағытта болды.

Ағымдағы 2020-2021 оқу жылында бекітілген кестеге сәйкес презентация кезінде слайдтарды көрсету үшін бейнепроекторды қолдану арқылы бизнес-жоспарларды қоғамдық қорғау жүргізілді. Мысалы, осы жылдың 4, 12-13 мамыр күндері ПГС-31, МС-33 және МС-31 топтарында комиссия мүшелерінің қатысуымен бизнес-жоспарларды қоғамдық қорғау өтті. Солардың ішінде MC-33 тобының студенті Қашпаев Мыңболсынның бизнес-жоспары бойынша жазылған «3D басып шығару арқылы автомобильдерге кілттер жасау» тақырыбындағы тыңғылықты жұмысын атап өткім келеді. Қоғамдық қорғау кезінде жақсы көрсетілімнен кейін комиссия тарапынан өзекті сұрақтар қойылды. Барлық сауалдарға студент сенімді түрде, кәсіби тұрғыда тыңғылықты жауаптар берілді. Нәтижесінде оның бизнес-жоспары «өте жақсы» деп, яғни 100 баллмен бағаланды.

Бұған дейін студент М.Қашпаев сәуір айында Шымкентте өткен «Менің арманым» атты республикалық бизнес-жобалар байқауында 2-орынды жеңіп алған болатын.

Түрлі қиындықтарға қарамастан «Бизнес-жоспар» бағытын меңгеріп, өз жобаларын қорғау нәтижесінде білім алушылар шағын және орта бизнестің дамуы туралы ақпарат алып, «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасымен танысуға мүмкіндік алды. Бұл өз кезегінде университеттің білім сапасын жақсарту бойынша маңызды әлеуметтік міндетін тиімді орындауға өз ықпалын тигізері сөзсіз. Сол арқылы ұйымның жұмыс берушілер, студенттер мен ата-аналар алдындағы мәртебесі асқақтайды.

Б.М.ХУСАИНОВ

«Экономика және аудит» жоғары мектебінің доценті

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу