«Жер, су, ауа – адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына… Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждағаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттің бірі», – деп Ыбырай Жақаев айтқандай, институттың сәуір айына жоспарланған ҒЗЖ шеңберінде 15 сәуір күні «Мал шаруашылығы және биоресурстар» жоғары мектебі доценті Б.Е. Губашеваның бастауымен 6В05200 – «Өнеркәсіптік экология» БББ бойынша білім алушылары ағаштар отырғызып, құс ұясын орнатты. ПЭ-31 тобы ПЭ-11 тобына өздері отырғызған ағаштар мен құс ұясын аманаттады. Осындай игі акциялар жыл сайын жалғасын табады деген үміттеміз.



