Жәңгір хан университетінің студенттері Алматыдан ақжолтай жаңалықпен оралды.
«Агротехнологиялық институттың» білім алушылары Алматы қаласында 28-29 сәуір күндері өткен XIV республикалық пәндік олимпиадада жүлделі орындарды иеленіп, университетіміз бен оқытушылардың мерейін үстеді.
Атап айтқанда, «Өсімдік қорғау және карантин» мамандығының 4-курс студенттері Алмагүл Тельжанова 2-орынға ие болса, Шұғыла Нұрадинова 3-орынға тұрақтады. «Топырақтану және агрохимия» мамандығының 4-курс студенті Салтанат Құрманбайқызы 2-орынды жеңіп алса, «Агрономия» мамандығында 3-курста оқитын Айзада Габсикова 3-орынды олжалады.
Топ жетекшісі – «Өсімдік өнімдерін өндіру технологиясы» жоғары мектебінің аға оқытушысы Асхат Қажмұратұлы Бекқалиев.
Білім додасында жоғары нәтиже көрсеткен студенттерімізді құттықтаймыз!