Білім беру мәселесі басты назарда

Үздіксіз білім беру стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде Жәңгір хан атындағы  БҚАТУ Қосымша білім беру, біліктілікті арттыру бөлімінің ұйымдастыруымен «Білім беру саласындағы менеджмент»  тақырыбында біліктілікті арттыру бағдарламасы   өткізілуде.

Бағдарлама мақсаты: тыңдаушылардың  басқару қызметін тиімді ұйымдастыруда және білім беру саласының алдында тұрған міндеттерді белсенді шешудегі кәсіби білімі мен дағдыларын қалыптастыру. Заманауи білім беру саласында басшылардың басқарушылық құзіреттілігін арттыруға бағытталған. Бағдарламаның авторлары Экономика және аудит жоғары мектебінің   э.ғ.д.,профессоры  Габдуалиева Р.С., э.ғ.м., аға оқытушысы Жангалиева Е.С.

Бағдарламаға колледж, мектеп, балабақша басшылары, орынбасарлары, сондай-ақ жоғары мектеп жетекшілері қатысты.

Қосымша білім беру, біліктілікті арттыру бөлімі  формалды емес білім беру бағыты бойынша жұмыстануда. 

2022 жылдың 12-30 қыркүйегі  аралығында «Сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғысының операторы»  тақырыбы бойынша курс өткізілуде, курс жетекшісі аға оқытушы  Р.И.Джусупкалиева.  Курстың мақсаты:кәсіптік қызмет саласындағы ұйымдар мен осы салада мамандар даярлаумен айналысатын мекемелердің күнделікті қызметіне кәсіби стандарттарды кеңінен енгізу процестеріне көмек;жас буынға кәсіптік бағдар беру, мамандықты анықтау.т.б.

2022 жылдың 12-27 қыркүйегі аралығында «Сметалық іс» тақырыбындағы  курсын  аға оқытушы  С.М.Маликова жүргізуде. Курстың мақсаты: Бағдарлама АВС-4 сметалық бағдарлама көмегімен сметалық құжаттарды есептеудің дағдыларын алуға арналған.

2022 жылдың 05-30 қыркүйегі аралығында «Autodesk   Inventor»  тақырыбындағы  курсын    аға оқытушысы А.Ж.Нуралин жүргізуде. Курстың мақсаты: машина бөлшектерінің сызбаларын электронды түрде дайындау.

Студенттерге арналған курстарға политехникалық институттың, индустралды-технологиялық институттың студенттері қатысуда.

Сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғысының операторы

Курстың мақсаттары:

  • осы бағыт бойынша мамандар даярлау мәселелерімен айналысатын мекемелер мен кәсіби қызмет саласындағы ұйымдардың күнделікті қызметіне кәсіби стандарттарды жаппай енгізу үдерісіне ықпал ету;
  • жас ұрпақты кәсіби бағдарлауға, кәсіпті анықтауға жәрдемдесу.

Сметалық іс

Курстың мақсаты: Бағдарлама АВС-4 сметалық бағдарламасының көмегімен сметалық құжаттарды есептеу дағдыларын алуға бағытталған.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу