Білім алушылар тарихты зерделеді

«Рухани жаңғыру» орталығы оқытушыларының ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Ғылым күніне арналған «Тарих және тағылым» атты студенттік ғылыми конференция өтті. Конференция жұмысының мақсаты – студенттер арасында ХХ ғасырдың 20-40-жылдарындағы Қазақстандағы ашаршылық, ұжымдастыру және саяси қуғын-сүргін мәселелерін зерделеу, тарихтан тағылым алу.
Жиында баяндама жасаған студенттер ХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы ашаршылықтың себептері мен зардаптарын ашып көрсетіп, ұжымдастыру, кулактарды тәркілеу және саяси қуғын-сүргін мәселелері туралы мол деректер келтірді.

📚 Loading…