Практикалық бағытталған сабақтарды өткізу және кәсіби дағдыларды қалыптастыру мақсатында 2022 жылдың 31 наурызында «Мұнай, газ және химиялық инженерия» жоғары мектебінің аға оқытушысы А.К. Абдыгалиева 6В07202 – “Мұнай-газ ісі” мамандығының 3 курс білім алушыларымен бірге “Оралмұнайгазгеология” АҚ мекемесінде практикалық бағытталған сабақ өткізді. “Оралмұнайгазгеология” өндірістік базасында білім алушылар бұрғылауқондырғыларының жабдықтары мен құрылыстары және негізгі монтаждық жұмыстарыментанысты.
