Біліктілік арттыру курсы

Шілде айының 16-26 аралығында «Тағам және қайта өңдеу өндірістері технологиялары» жоғары мектебінде ЖШС «Завод готового промышленного оборудования» аға зертханашысы Л.В. Деревянко «Определение качества семян подсолнечника, зерна пшеницы, ячменя и продуктов их переработки» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өтті. 

Біліктілікті арттыру курсын жоғары мектеп жетекшісі А.Т. Абылгазинова және аға оқытушы Р.Ш. Джапаров жүргізді.

Курсты өткізу кезінде зертханалық-практикалық сабақтар түрінде қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес күнбағыс дәніне және негізгі дәнді дақылдарға қойылатын талаптар игерілді, сапаны талдау үшін зертханалық жабдықтарда жұмыстар жүргізілді, сондай-ақ астық зиянкестерінің залалдануы мен зақымдануын анықтау жүргізілді.

Біліктілікті арттыру курсы және емтихан тапсыру аяқталғаннан кейін тыңдаушыға 36 сағаттық көлемде сертификат берілді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу