Бастау алған бизнес-жоспарлар

Университетімізде кәсіпкерлік ЖОО ретінде ерекше бағыт бар, ол-екінші оқу семестрі кезінде бизнес жоспарлар мен жобаларды одан әрі қорғай отырып, барлық мамандықтардың 3 күндізгі және 2 жеделдетілген бөлім студенттерімен «Экономика және кәсіпкерлік негіздері» маңызды пәнін зерделеу.

Бірнеше жылдан бері «Экономика және аудит» жоғары мектебінің құрамында кеңес беру, оқыту, студенттердің бизнес жоспарлары мен жобаларын дайындау және іске асыру мәселелерімен айналысатын «Бизнес мектеп» белсенді жұмыс істеп келеді. Сондықтан жоғары білім сапасын жақсарту және студенттердің бизнес жоспарларын дайындау мақсатында «Парасат» ақпараттық білім беру орталығында 15-26 қараша аралығында библиограф Ш.Я.Сәрсенғалиева және оқу залының аға кітапханашысы Г.К.Хусаинова екі апта бойы отандық және шетелдік әдебиеттердің көрмесін ұйымдастырды.

Көрмеге өзара байланысты экономикалық пәндер бойынша «Экономика және кәсіпкерлік негіздері» және «Бизнесті жоспарлау» бойынша пайдалы кітаптар мен құралдар, мерзімді журналдар мен электрондық басылымдар қойылды. Нәтижесінде, түрлі мамандықтарда оқитын 300-ден астам білім алушы әдебиет көрмесіне барып, бизнесті дұрыс жоспарлау мен тиімді кәсіпкерлікке қатысты өзекті мәселелер бойынша толық ақпарат алды.

Берік Құсайынов

Бизнес мектебінің жетекші маманы, «Экономика және аудит» жоғары мектебінің доценті

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу