Бағдарламаның талаптары түсіндірілді

Бүгін басқарма төрағасы-ректор Асқар Мырзахметұлы Наметов университетті биыл мемлекеттік білім беру тапсырыс негізінде «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» (Серпін) бағдарламасы бойынша тәмамдайтын студенттермен кездесті.

Кездесу барысында биылғы жылдың түлектеріне Білім туралы заңға енгізілген өзгерістер, бағдарламаның талаптары, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері түсіндірілді.

Кездесу барысында бірқатар білім алушылардың алдағы жоспарлары туралы сұрап білген университет басшысы оларға дұрыс таңдау жасауға кеңес берді. Сонымен бірге студенттердің сауалдарына жауап берілді.

Жиында білім алушыларға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы қосымша ақпаратты университеттің «Мансап және бизнес-серіктестік» орталығынан алуға болатыны айтылды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу