Ата Заң мерекесіне арналды

Жәңгір хан университетінде «Ата Заң – асыл мұраттар бастауы» атты іс-шара өтті.

ҚР Конституциясы күніне арналған жиында алдымен сөз алған тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ақылбек Ұзақбайұлы профессор-оқытушылар мен студенттерді аталмыш мерекемен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Бұдан әрі философия ғылымдарының докторы, профессор Тілекжан Хасенұлы «Конституция және адам болмысы» тақырыбында баяндама жасап, елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформаларға, оңды өзгерістерге тоқталды. Ал «Рухани жаңғыру» орталығының аға оқытушысы, философия докторы (PHD) Мақсот Сүйінгерейұлы басты құжаттың қалыптасуы мен даму тарихы жайлы сөз қозғаса, оқытушы Алмас Мәлікұлы жалпы конституциялардың сипаты мен шығу тегінен хабардар етті. Аға оқытушы, тарих ғылымдарының кандидаты Есқайрат Ерболатұлы әріптестерінің баяндамаларын қосымша деректермен толықтырды. Сондай-ақ іс-шараға Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Алуа Нұрланқызы қатысып, тақырып төңірегінде өз ойын ортаға салды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу