Әскери оқу-жаттығу жиыны өтті

Жәңгір хан университетінің «Әскери кафедра» студенттері оқу жылы барысында алған білімдерін тәжірибе жүзінде көрсетті. Оқу-жаттығу жиынына басқарма төрағасы-ректор Асқар Мырзахметұлы Наметов қатысып, курсанттардың әскери шеберліктеріне куә болды. 

Әскери кафедраның жабдықталған оқу қалашығы мен тактикалық алаңында өткен оқу-жаттығу жиынына 90 студент қатысты. Олар – Әскери кафедраны бітіріп жатқан курсанттар. Олар тәжірибелік көрсетілім барысында мотоатқыштар, инженерлік құрылымдар, тапаншадан оқ ату, грана лақтыру, жеке қорғаныс құралдарын қолдану нормативін орындау, атыс қаруымен, радиациялық химиялық және биологиялық қорғаныс құралдарымен арнайы жұмыс істеу, әскери автокөлік жүргізу, артиллериялық атысты басқару, қарсыластың топтық нысанын жеңу үшін атыс позициясына командалар беру, радио құралдары байланысымен жұмыстану, байланыс орнату іс-әрекеттерін орындады. Еске сала кетсек, биыл университеттің «Әскери кафедрасын» 169 курсант бітіреді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу