Ашық үйірме сабағы

Жәңгір хан университеті базасында «Таза да сапалы, мол агрономиялық өнім» атты білім алушылардың үйірмесі аясында «Алма бағын қысқы шырпу шаралары» тақырыбында ғылыми-практикалық ашық үйірме сабағы өтті.

Аталған шараны Ветеринария және агротехнология институтының доцент м.а., ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Мейрамгүл Мусина, Гүлбарам Нұрғалиева мен Нұрболат Жанаталапов ұйымдастырды. Шараға «Агрономия» білім беру бағдарламасының 1 және 3-курс білім алушылары белсене қатысты. Үйірме барысында тәлімбақ жетекшісі Мейрамгүл Мусина білім алушыларға жеміс ағаштарының қысқы кезеңдегі физиологиялық жай-күйі, алма ағашын қысқы шырпудың ғылыми негізделген әдістері жөнінде жан-жақты түсіндірме берді. Сонымен қатар алма ағаштарында кездесетін негізгі аурулар мен олармен күресу шаралары туралы құнды тәжірибелік мағлұматтар ұсынылды. Ашық үйірме сабағы білім алушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға зор ықпал етті.

📚 Loading…